Ағайынның алтын сарайынан ананың жыртық лашығы артық
– Дырявый шалаш матери лучше, чем золотой дворец родичей.
Ағаш тамырымен, адам досымен мықты
– Дерево крепко корнями, человек – друзьями.
Ағын судың арамдығы жоқ – В проточной воде грязь не держится.
Адам сөзінен жазады, сиыр мүйізінен жазады
Корова страдает из-за рогов, человек – из-за своих слов.
Адамды еңбек көркейтеді — Труд красит человека.
Адамды тарлық шынықтырады, адамгершілікті барлық ұмыттырады
– Нужда закаляет, богатство о человечности забывает.
Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады
– Бывает, что друзья расходятся из-за щепотки насыбая.
Адасқанға – жұлдыз айдай, карны ашқанға – көже майдай
– Когда заблудишься, звезды луной кажутся; а проголодаешься и лапша маслом кажется.
Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң
– Не велико заблуждение, коль назад нашел дорогу к своим.
Адатықтан ұдкен ат жоқ, наннан ұлкен ас жоқ
– Самое святое имя – человек, самая свята пища – хлеб
Ажал ажарға қарамайды– Смерть на лица не смотрит.
Аз жұмысты қиынсыңсаң, көп жұмысқатап боларсың
– Будешь выбирать легкую работу, трудная достанется.
Аз қайғыны ас басады, көп қайғыны дос басады
– Малая печаль за едой забывается, большая – за беседой с другом.
Аз сөйлесең де саз сөйле – Говори редко, но метко.
Азғын денеге ауру үйір – Истощенному телу все болезни товарищи.
Аздің азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол
– Чем десятком людей руководить, лучше для сотни людей кашу варить.
Ай бетінде де дақ бар — И на луне есть пятна.
Ай көрмесең туысың жат, жыл көрмесең жолдасың жат
– Если месяц с родственниками не видишься, становятся чужими,
если год с друзьями не видишься, становятся чужими
Айлалы батыр алдырмас – Ловкого батыра силой не возьмешь.
Айна айна емес, халық айна – Зеркало правды – народ.
Айран ұйытса, іріткен, тері илесе, шіріткен
– Взялся простоквашу ставить – молоко прокисло, взялся кожу дубить – шкуру сгноил.
Айтуға оңай, істеуге қиын – Легко сказать, да трудно сделать.
Айырылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа
– Другу неразлучному не говори слов разлучающих.
Ақша ашпайтын құлып жоқ
– Нет такого замка, который бы против денег устоял.
Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады
– Деньги стараются уплыть, а счет старается их удержать.
Ақша тиыннан құралады – Копейка рубль бережет.
Ақшада көз жоқ — У денег нет глаз.
Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын көл
– Ум – шуба, которая не изнашивается, знания —неисчерпаемое озеро.
Ақылдан асар амал жоқ, батылдар алмас қамал жоқ
– Нет хитрости, которой ум бы не разгадал; нет крепости, которой смелый бы не взял.
Ақылды арын қорғайды, сараң малын қорғайды
– Умный честь свою оберегает, скупой скот свой оберегает.
Ақылды көргенін айтады, ақмақ ішкенін айтады
– Мудрец рассказывает, что повидать успел, глупец рассказывает, что и когда он ел.
Ақымақ күлкіге тоймайды, жалқау ұйқыға тоймайды
– Дурень смеется постоянно, а лодырь спит непрестанно.
Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік
– Слово акына острее клинка и нежнее волоска.
Аман болса бұл басым, тағы шығар бұл шашым
– Была бы голова цела, а волосы сами отрастут.
Алаған қолым береген – Рука, умеющая брать, умеет и сама давать.
Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп – Берущему шести мало, дающему и пяти много.
Алла бермегенді молда да бермейді – Чего аллах не дал, того и мулла не даст.
Аллаға жағайын десең – қазаның болсын, қазыға жағайын десең – қазаның болсын
– Хочешь понравиться аллаху – час молитвы не пропускай, хочешь понравиться казию – котел с огня не снимай.
Алмақтың да салмағы бар – Любишь брать, умей и сам давать
Алпыс қарсақ ат болмас — И шестьдесят корсаков коня не заменят.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. төртеу түгел болса, төбедегі келеді
– Если шестеро врозь, лежащее во рту теряют;
если четверо за одно, улетевшее в небо достают.
Алтын алма, білім ал – Не гонись за золотом, гонись за знаниями.
Алтын көрсе періште жолдан таяды – Увидев золото, и ангел свернул с дороги.
Алтын тапсаң, санап ал — Если и золото нашел, пересчитай.
Алтын тыққан адам аштан өлер — Дрожащий над золотом с голода умирает.
Алтынды ала білген бөле де біледі – Кто золото добыть сумел, сумеет и поделить.
Алтынды тот баспайды — Золото не ржавеет.
Алып анадан туады, ат биеден туады
– Скакун родится от кобылицы, батыр – от женщины.
Алыс жол атты сынайды, ауыр жол ерді сынайды
– Дальняя дорога – испытание коню, тяжкий путь – испытание джигиту.
Алыссаң атаң да болса жық — Если схватился, и отца родного вали с ног.
Алыстан арбалағанша жақыннан дорбала
– Чем из далека возить арбой, лучше сблизи натаскать торбой.
Анасын көріп қызын ал – Возьми замуж дочь, прежде узнав, кто ее мать.
Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың
– Даже если трижды мать на себе в Мекку перевезешь, с долгом перед ней не рассчитаешься.
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі — Болтающий не думая, умирает не болея.
Аңқау елге – арамза молда – Для темных людей и плут – мулла.
Арық атқа қамшы – ауыр – Тощему коню и плеть – ноша.
Арық атқа қамшы жау, жыртық үйге тамшы жау
– Худому коню плетка – враг, худой юрте – дождь.