Қателіктерден қалыпты өмірге
Мазмұны
Өмір адамға бір –ақ рет беріледі. Өмір сүре білу де оңай емес. Ешкімнің тағдыры тайға таңба басқандай көрініп тұрмайды. Қалай сүру керектігін де түсіну үшін адамға қателесу, сүріну, құлау және қайта тұра алуға күш жігер керек. Менде осындай қиын жолды басымнан өткердім. Өмірдің әр тарапынан алар болсам, өзгеге сабақ болардай тараптар жетерлік. Дегенмен мен ең бірінші қаржы мәселесінен туындаған қиындықтарға тоқталуды жөн көрдім. Бір сәтті адамға қомақты қаржы қолына тиетін сәт болады. Ол кез келген адамның басынан өтетін кезең. Сол кезеңді ақылмен пайдалана білсең, өмірің жарқын. Сәл сол кезеңде қателессең, өмір бойы шырғалаңның жетегінде кетесің. Себебі ақшаның буы қылғындырса оңай ес жию мүмкін емес. Ақшаң барда ешқашан азарт ойындарға жоламаңыз. Себебі, ол ойындарды құрастыратын адам. Ал, әрбір адам өз пайдасын көздейтіні хақ. Сондықтан ол ойыннан шыққан жеңіс жеңіс емес. Себебі жеңіс ойынды құрастырушы тараптың жағында.