Пончик есімді кішкентай пингвин мен ағасы Хрустик кешке дейін қардан мәшина жасады. Мәшинаның артқы бөлігі пирамидаға ұқсас болды. Екі бауыр ақылдасып төбешік жасады. Күн жылып, қар бетінде көзін қысып, күлімдеп ойнақтаған Күннің Қоян бейнесіндегі суреті жылтырап қалды. Екеуі мәшинені толық қалап біткенде достары Тошка мен Тая келді.
– Қандай әдемі мәшина жасап шыққансыңдар, – деп Тая екеуін мақтай жөнелді.
– Төбешігі де бар сиқырлы мәшина екен! – деп тамсанды Тошка.
– Рақмет, – деп екі бауыр алғыс айтты.
– Менің бояу мен қылқаламым бар, сендерге керек емес пе? – деген ұсыныс айтты Тая.
– Мәшинаны әдемілесем қалай болар екен, – деп, Пончик ойланып қалды.
– Көлігімізді бояп шықсақ қайтеді? – деді Пончик.
– Боясақ, бояйық, – деп пингвиндер де бірін-бірі қолдай кетті.
Ағасы Хрустик мәшинаны жасап бітірді, ал Пончик пен оның достары мәшинаның сыртына найзағай, қар, күлкілі бейнелер салып, әріптер жазды.
– Төбешік-мәшина дайын, енді онымен ойнауға болады, – деді Хрустик.
Пингвиндер төбешіктен сырғанап, жүргізуші болып ойнады. Пончик төбешіктен төмен қарай қатты жылдамдықпен сырғанаймын деп үйіліп тұрған қарға күмп етіп кіріп кетті. Пингвинді қар басып қалды.
Бағанадан бері пингвиндердің ойынын тамашалап отырған Коно есімді қарға: